Сіздерді мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасының Жарлығымен 23 маусым мемлекеттік қызметші күні болып белгіленді.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары мемлекеттік қызмет жүйесі халықаралық сарапшылармен мойындалған оңды өзгерістерден өтті. Бүгінде біз мемлекеттік басқару жүйесін құру мен жетілдіру процессінде айтарлықтай тәжірибеміздің барлығын сенімді түрде айтып, мақтан ете аламыз.

Билікке деген сенім – мемлекеттік қызметшіден басталады, сондықтан ол, адал да әділетті болуы және қазіргі қоғамның мұқтажына икемді қызмет етуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілерге халықтың ауқаттылығы мен болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктелгендіктен, сондықтан мемлекеттік қызметті таңдаған азаматтар зор құрметке лайық.

Барлық мемлекеттік қызметшілерге Еліміздің өркендеуі мен Қазақстан халқына қызмет ету жолындағы еңбектеріне толағай табыс, таусылмас қуат пен жігерлілік, мықты денсаулық, бақыт пен ізгілік тілеймін!