Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Полиция қызметкерлері бүгінгі таңда құқықтық тәртіпті қатаң қадағалау, қоғамдық қауіпсіздікті тиісті дәрежеде ұстау, тұрғындардың өмірлері мен тыныштығын қорғау, қылмыспен ымырасыз күрес жүргізу жолындағы күрделі де жауапты қызметтерін абыроймен атқарып келеді.
Осы мереке қарсаңында барлық тәртіп сақтау саласының қызметкерлеріне мықты денсаулық, отбасыларына амандық және Отанымыздың тыныштығы үшін игі қызметтер мен жетістіктер тілеймін!