Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-берекенің арқауы саналған. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың негізі болды.

Біздің халқымыз және дүниежүзінің саясаткерлері Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары ішінде қарыштап өсіп – өркендеуі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген дана саясатының жемісі және халықтар бірлігінің нәтижесі деп біледі.

Ұлы Алтайдың баурайында орналасқан аудан халқының береке – бірлігі, еңбекқорлығы арқасында біз де айтарлықтай жетістіктерге жетудеміз.

Құрметті жерлестер! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Наурыз шапағаты әр үйге бақ-береке, ырыс-ынтымақ болып енсін. Баршаңызға мықты денсаулық, бейбіт те бақытты өмір, бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін!

Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын!