Құрметті Катонқарағай ауданының аяулы аналары, ардақты әжелері, әдемі арулары!

           8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Сіздерді төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Аяулы аналардың нәзік жүрегі сүйген жарына, перзентіне, туған жері мен Отанына деген махаббатқа толы. Сол үшін біз оларды ерекше құрметтейміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен таралады. Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, іскер әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген дана сөзі үнемі жадымызда сақталып тұрады.

Ауданымызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналар жеткілікті.

Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлінуде.

Қымбатты ханымдар, сіздерге ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосып отырған зор үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Шуақты мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!