Сіздерді кәсіби мереке қаржыгерлер күні және  Ұлттық валюта  күнімен  құттықтаймыз!

1993 жылы ұлттық валютамыздың енгізілуі жиырма бес жылдық мерейлі мерекесін биыл атап өткелі отырған егемен еліміздің тарихындағы ең бір айтулы оқиғалардың бірі болғаны белгілі.

Елбасының дәйекті де сындарлы саясатының арқасында ұлттық валюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсті. Бүгінгі таңда теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосуда. Елбасының қаржыгерлерді мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын бірлесіп жүзеге асырудағы өзінің бірінші көмекшілері деп атауы тегін емес.

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарынан Қазақстанның лайықты орын алуы мақсатында Ұлттық валюта тұрақтылығын көрсетіп отыр.

Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де  Қазақстан экономик асының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз .

Мерейлі мереке күні қарсаңында қаржы ісінің барлық қызметкерлерін, осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне атсалысқан ардагерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, жанұяларына амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілейміз.

 

 

А.Нұрғожин, Катонқарағай ауданының әкімі                                          

Д.Бралинов, Аудандық мәслихат хатшысы