Құрметті  әлеуметтік қызметкерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

 Әлеуметтік қызметкер – бұл адам мәселелерін ең  бірінші өздеріне  қабылдап, қолдан келгенше бұл мәселелерді шешуге көмек көрсететін адамдардың мерекесі. Достық, ынтымақтың белгісі ретінде өтетін бұл күні – біз сөзбен ғана емес, іс жүзінде адамгершіліктің ең жақсы: адал ниеттілік, мейірімділік сияқты қасиеттерін көрсететін мейірбан қызмет өкілдерін құттықтаймыз.

Бұл – нағыз еңбегі сіңген адамдар. Ал мұндай  іс, тек қана өзін толығымен басқалардың  қамқорлығына арнаған таңдаулылардың ғана қолынан келеді. Сөз жоқ, әлеуметтік қызметкер – жай ғана мамандық емес, бұл – дәлірек айтқанда, өмір салты. Адамдарға  деген махаббаттарыңыз, игілікті және жанкешті еңбектеріңіз үшін рахмет!  Әлеуметтік қызметкер — бүгінгі күні белгілі бір адамдарға және отбасына көмек көрсетуші адам ғана емес, сонымен бірге анықталған деңгейдегі саяткер және қоғамдық қайраткер, барлық қоғамның әл-ауқатын өркендетуге бағытталған, біздің республикамыздың заңдарын және әлеуметтік саясатты реформалауға қатысушы адам. Аудан бойынша 37 әлеуметтік қызметкер 183 жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлер адамгершілік қарым-қатынастың әдептілігін игеретін, жалпы адами  рухани құндылық мәнін түсінетін, сенімді,  мейірімді, қамқоршы, әділетті адам және сөзге берік қасиеттері болуы керек.

Өздері қызмет көрсететін адамдардың заңды құқығын қорғап, әлеуметтік статусын ұстап, өздерінің жан жылуын сыйлайтын, интернат үйдің тұрғын қарт адамының әлеуметтік ортада лайықты және жайлы тұрмыс құруы үшін еңбек ететін, үйде әлеуметтік қызмет көрсетілушілерге ілтипатпен қарайтын осындай абзал жандардың алдында бас иеміз.

Мереке күні сіздерге және осы салада қызмет атқарған ардагерлерге бар өнерлеріңізді, жандарыңызды салып жасаған ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, шын жүректен мықты денсаулық, күш-қуат, сәттілік тілейміз!

 

А.Нұрғожин,                                             Катонқарағай ауданының әкімі                                          

Д.Бралинов,                                            Аудандық мәслихат хатшысы