Сізді өз блогымда көргеніме қуаныштымын!

 Мен, Құрмамбаев Ренат Тлеуханұлы 1980 жылдың 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым ауданы, Ново-Березовка ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, екі жоғары білімім бар. Нұр Отан партиясының мүшесімін.
Еңбек жолымды 1998-1999 жылдары Жаңа Үлгі толық емес орта мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеді. 1999-2000 жылдары Ульян толық емес орта мектепте дене шынықтыру және еңбек пәнінің мұғалімі ретінде. 2000-2003 жылдары Дамитова орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі боп жұмыс атқарған. 2003-2005 жылдары Катонқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет бөлімінде бас маман, 2005-2008 жылдары Катонқарағай ауданы әкімі аппаратында кадрлық, мемлекеттік –құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2008-2009 жылдары Катонқарағай ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің басшысы лауазымда жұмыс атқарған. 2009-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды. 2011 жылғы 06 маусымнан 2014 жылғы 20 қазанға дейін Катонқарағай ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалдым.
2014 жылғы 20 қазаннан 2017 жылдың 24 мамырға дейін аудан әкімінің өкімімен Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалдым.
2017 жылғы 25 мамырдан 2019 жылғы 12 маусымға дейін аудан әкімінің өкімімен Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалып жұмыс атқардым.

2019 жылы 13 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімінің міндетін атқарушы Д. Ахметовтың 87-к өкіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімі болып тағайындалдым.