Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-берекенің арқауы саналған. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың негізі болды.

Біздің халқымыз және дүниежүзінің саясаткерлері Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары ішінде қарыштап өсіп – өркендеуі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген дана саясатының жемісі және халықтар бірлігінің нәтижесі деп біледі.

Ұлы Алтайдың баурайында орналасқан аудан халқының береке – бірлігі, еңбекқорлығы арқасында біз де айтарлықтай жетістіктерге жетудеміз.

Құрметті жерлестер! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Наурыз шапағаты әр үйге бақ-береке, ырыс-ынтымақ болып енсін. Баршаңызға мықты денсаулық, бейбіт те бақытты өмір, бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін!

Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын!

Құрметті Катонқарағай ауданының аяулы аналары, ардақты әжелері, әдемі арулары!

Құрметті Катонқарағай ауданының аяулы аналары, ардақты әжелері, әдемі арулары!

           8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Сіздерді төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Аяулы аналардың нәзік жүрегі сүйген жарына, перзентіне, туған жері мен Отанына деген махаббатқа толы. Сол үшін біз оларды ерекше құрметтейміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен таралады. Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, іскер әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген дана сөзі үнемі жадымызда сақталып тұрады.

Ауданымызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналар жеткілікті.

Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлінуде.

Қымбатты ханымдар, сіздерге ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосып отырған зор үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Шуақты мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!

 

Құрметті қаржы жүйесінің қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мереке қаржыгерлер күні және Ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз!

Сіздерді кәсіби мереке қаржыгерлер күні және  Ұлттық валюта  күнімен  құттықтаймыз!

1993 жылы ұлттық валютамыздың енгізілуі жиырма бес жылдық мерейлі мерекесін биыл атап өткелі отырған егемен еліміздің тарихындағы ең бір айтулы оқиғалардың бірі болғаны белгілі.

Елбасының дәйекті де сындарлы саясатының арқасында ұлттық валюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсті. Бүгінгі таңда теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосуда. Елбасының қаржыгерлерді мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын бірлесіп жүзеге асырудағы өзінің бірінші көмекшілері деп атауы тегін емес.

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарынан Қазақстанның лайықты орын алуы мақсатында Ұлттық валюта тұрақтылығын көрсетіп отыр.

Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де  Қазақстан экономик асының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз .

Мерейлі мереке күні қарсаңында қаржы ісінің барлық қызметкерлерін, осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне атсалысқан ардагерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, жанұяларына амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілейміз.

 

 

А.Нұрғожин, Катонқарағай ауданының әкімі                                          

Д.Бралинов, Аудандық мәслихат хатшысы                                              

Құрметті әлеуметтік қызметкерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Құрметті  әлеуметтік қызметкерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

 Әлеуметтік қызметкер – бұл адам мәселелерін ең  бірінші өздеріне  қабылдап, қолдан келгенше бұл мәселелерді шешуге көмек көрсететін адамдардың мерекесі. Достық, ынтымақтың белгісі ретінде өтетін бұл күні – біз сөзбен ғана емес, іс жүзінде адамгершіліктің ең жақсы: адал ниеттілік, мейірімділік сияқты қасиеттерін көрсететін мейірбан қызмет өкілдерін құттықтаймыз.

Бұл – нағыз еңбегі сіңген адамдар. Ал мұндай  іс, тек қана өзін толығымен басқалардың  қамқорлығына арнаған таңдаулылардың ғана қолынан келеді. Сөз жоқ, әлеуметтік қызметкер – жай ғана мамандық емес, бұл – дәлірек айтқанда, өмір салты. Адамдарға  деген махаббаттарыңыз, игілікті және жанкешті еңбектеріңіз үшін рахмет!  Әлеуметтік қызметкер — бүгінгі күні белгілі бір адамдарға және отбасына көмек көрсетуші адам ғана емес, сонымен бірге анықталған деңгейдегі саяткер және қоғамдық қайраткер, барлық қоғамның әл-ауқатын өркендетуге бағытталған, біздің республикамыздың заңдарын және әлеуметтік саясатты реформалауға қатысушы адам. Аудан бойынша 37 әлеуметтік қызметкер 183 жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлер адамгершілік қарым-қатынастың әдептілігін игеретін, жалпы адами  рухани құндылық мәнін түсінетін, сенімді,  мейірімді, қамқоршы, әділетті адам және сөзге берік қасиеттері болуы керек.

Өздері қызмет көрсететін адамдардың заңды құқығын қорғап, әлеуметтік статусын ұстап, өздерінің жан жылуын сыйлайтын, интернат үйдің тұрғын қарт адамының әлеуметтік ортада лайықты және жайлы тұрмыс құруы үшін еңбек ететін, үйде әлеуметтік қызмет көрсетілушілерге ілтипатпен қарайтын осындай абзал жандардың алдында бас иеміз.

Мереке күні сіздерге және осы салада қызмет атқарған ардагерлерге бар өнерлеріңізді, жандарыңызды салып жасаған ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, шын жүректен мықты денсаулық, күш-қуат, сәттілік тілейміз!

 

А.Нұрғожин,                                             Катонқарағай ауданының әкімі                                          

Д.Бралинов,                                            Аудандық мәслихат хатшысы                                              

 

 

 

Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері!

Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері!

 

Құрметті орман еңбеккерлері, орман шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Орман ауданы бойынша аумақтың басым бөлігін алып жатыр. Бұл табиғи ресурстың біздің аумақты дамыту үшін маңызы зор. Орманшылардың, ағаш дайындаушылардың және ағаш өңдеушілердің қиын еңбегін табиғатты сүйетіндер ерекше құрмет тұтады.

Бұл мереке тек сала қызметкерлері ғана емес, орманға деген сүйіспеншілікпен және құрметпен қарайтындардың мерекесі десе де болады. Өйткені орман-бұл тірі организм, экожүйе, онда бәрі өзара байланысты. Сондықтан, болашақ ұрпаққа сақталған және байырғы орман байлығын беру – саланың қазіргі қызметкерлерінің басты міндеті.

Бұл күні Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, барлық игі бастамаларыңызға табыс, амандық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздерге шын жүректен, тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік тілейміз.

 

Катонқарағай ауданының әкімі                                           А.Нұрғожин

Аудандық мәслихат хатшысы                                             Д.Бралинов